МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Балалар тұтынуға арналған киім-кешек өнімінің қауіпсіздігі – басты назарда! Жуырда жаңа оқу жылының басталатындығын алға тартқан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары – ата-аналарға мектеп формасын таңдау кезінде ескеру керек талаптарды еске салды...
Қазір қаланың киім кешек сататын орындарында қарбалас. Балаларын жаңа оқу маусымына дайындап жатқан ата-аналар киімнің сыртқы көрінісі мен бағасынан бөлек, оның бала денсаулығына қауіпсіздігін қатаң назарға алған жөн. Бұл - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының пікірі...
«(Мектеп формасына қойылатын талаптар ТР КО 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» және ТР КО 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен белгіленеді. Ата-аналар мектеп формасын сатып алған кезде міндетті түрде таңбалануын тексеруі керек. Онда өнімнің атауы, өндіруші туралы ақпарат, өлшемі, талшықтық құрамы және бұйымды күту жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.)»
— Айдана Аманай, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Сондай-ақ оқушы үстіндегі киім матасының ауа өткізгіштігі мен ылғал сіңіргіштігі де маңызды факторлар қатарынан. Бұдан бөлек, киім құрамындағы химиялық заттардың белгіленген қауіпсіздік деңгейінен аспауы да негізгі алғышарт. Басымдық бағаға емес, сапаға берілу керек дейді салаға жауапты мамандар.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


