Жаңалықтар

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Өңірде мектепке дейінгі білім сапасын жетілдіруге арналған республикалық семинар өтті. «Құзыреттілік орталықтарының инновациялық қызметі» тақырыбындағы ауқымды іс-шара жайында тілшіміз толығырақ тарқатады…

Республикалық семинар өңірдегі «Ертөстік» және «Көктем» бөбекжайларында ұйымдастырылды. Іс-шара мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртуға, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және озық тәжірибелермен алмасуға бағытталды.Семинар жұмысына еліміздің әр өңірінен келген педагогтер, өңірлік білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, сондай-ақ балабақша меңгерушілері, әдіскерлер мен тәрбиешілер қатысты.

Семинар аясында тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылып, педагогтерге заманауи, ұлттық және инновациялық бағыттағы жұмыстар таныстырылды.«Жасыл балабақша» бағыты бойынша экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдары көрсетілсе, STEAM технологиялары арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған әдістер ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілін құрметтеу және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да кеңінен қамтылды.Педагогтердің шеберлік сыныптары мен көрмелері қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

«2130 2ші звуктан: / Бұл жерге менің келген мақсатым осы басқа да өңірлердегі құзіреттік орталықтарда қандай жаңа тәсілдер,қандай жаңа әдістер қолданып жатыр екен. Әріптестеріміз өздерінің бір тәжірибелі ойларымен бөлісіп,өздерінің басқа да әдістерін қолданып жатқан солармен біз бөлісіп көрсетіп жатыр.Бүгінгі семинардан мен өзіме өте көп нәрсе алдым. Әсіресе осы ұнағаны тағы да бір осы Ертөстік балабақшасының өзін ерекше бір безендіруі.Әрбір реакрация дейміз ғой,әрбір бөлім,әрбір коридор дейміз барлығы сондай бір жақсы талғаммен сол әсемделген,безендірілген екен»

— Жанар Жүнісова, Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының мектепке дейінгі ұйым және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері

Республикалық семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, инновациялық тәжірибелерді енгізу арқылы мектепке дейінгі білім сапасын арттыруға ықпал етпек. Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, семинар жұмысы қорытындыланды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты