Жаңалықтар

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

Өңірде - «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жүйелі жолға қойылған. Акция мақсаты: әлеуметтік санаттағы оқушыларға атаулы көмек көрсетіп, оларды оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету. Акция аясындағы кезекті игілікті шара жайында тілшіміз тарқатады.

«Мектепке жол» акциясы аясында Оқушыларға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары салынған жиынтықтар берілді. Игі бастама балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз әрі жақсы көңіл-күймен бастауына мүмкіндік беруде.

«Өздеріңіз білетін ---- сәттілік тілейміз»

— Алмат Қорабаев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ұлытау облыстық филиалының директоры

Жаңа оқу жылына дайындық – әр отбасы үшін жауапты кезең. Ал көпбалалы және әлеуметтік санаттағы отбасылар үшін мектепке қажетті заттарды түгелдеу оңай емес. Сондықтан көрсетілген көмек ата-аналарға үлкен қолдау болып отыр.

«Ұйымдастырушыларға, «Халық банкінің» ұжымына үлкен рақмет. Олар бізді биыл екінші жыл қатарынан құттықтап, балаларға толы сөмке-сыйлықтар сыйлап жатыр. Білім бөліміне, қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне де үлкен алғысымызды білдіреміз. Рақмет!»

— Наташа Степаненко, ата-ана

«Мектепке жол» акциясы өңірде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл да игі бастамаға кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты