«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ»

«Мемлекеттік басқарудағы парасаттылық: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» Аталған тақырыпта облыс орталығында - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің қолға алуымен семинар-тренинг өтті...
Парасатты ұстаным мен пайымды пәрмен – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Жаңа Қазақстандық қоғамды құрудың маңызды алғышарты. Осы мақсатта «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделе ұйымдастырылған семинар-тренинг ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетовтың алғысөзімен ашылды.
Семинар-тренингке өңірге қарасты қала-аудандарда қызмет ететін 50 ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысуда. Оларға мүдделер қақтығысы; қызметтік өкілеттіктерді дұрыс пайдалану; жемқорлық тәуекелдері сынды жауапкершілігі жоғары бағыттар бойынша түрлі ақпараттар берілуде. Семинар спикері - бүгінде жемқорлықтың алдын алуды көздейтін шаралардың мазмұны мен форматын осылай өзгерту қажет дейді.
СНХ. Шыңғыс АЛИЕВ, Заң ғылымдарының магистрі, семинар-тренинг спикері Семинар-тренинг қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталады. Айта кетейік, тренинг аясында сыбайлас жемқорлық тақырыбы шеңберінде куиз ойындары да ұйымдастырылмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


