МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Жаңа Конституцияны қолдау мен халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында еселі еңбек еткен жандар – құрмет биігіне көтерілді! Облыс әкімдігінде өткен жиында қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдеріне және бірқатар мемлекеттік қызметкерге – мемлекеттік наградалар табыс етілді... Олардың қатарында: Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов «Парасат» орденімен, белгілі қаламгер Ғазиз Ештанаев «Құрмет» орденімен марапатталса, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды. «Бұл – аймақта жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың оң нәтижесі», - деген облыс әкімі Дастан Рыспеков марапат иелеріне шынайы құрметін білдірді...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


