Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Жаңа Конституцияны қолдау мен халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында еселі еңбек еткен жандар – құрмет биігіне көтерілді! Ұлыстың Ұлы күніне орай Ұлытау облысы әкімдігінде өткен жиында қоғам белсенділері мен бірқатар мемлекеттік қызметкерге – мемлекеттік наградалар табыс етілді...

Наурыз айының 15 інде өткен Референдумға Ұлытау өңірінің халқы белсене қатысты. Сонымен қатар қатысушылардың дені Жаңа Конситуцияға қолдау білдірді. «Бұл – аймақта жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың оң нәтижесі», - деген облыс әкімі Дастан Рыспеков марапат иелеріне шынайы құрметін білдірді...

Бұл күні Президент Жарлығымен «Құрмет», «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік наградалары мен Президенттің Алғыс хаты өз иелерін тапты. Марапатталушылар – еткен еңбек пен төккен тердің еленгеніне дән риза...

Жиын қатысушылары – Жаңа Қазақстандық қоғамды құрудағы жемісті жобалар легін әрі қарай да жалғастыра беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты