МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫН

Бүгін облыс әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері» жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиыны өтті. Онда күн тәртібіне екі мәселе шығарылды…
Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Еран Ермаханбетов төрағалығы етті. Оған ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Бұл жолғы жиында қаралған мәселелер: цифрлық технологиялар басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы жөнінде болды... Сонымен қатар ондағы ішкі бақылау жұмыстары сараланды.
Мемлекет қызмет саласындағы ішкі бақылау жұмыстарын әр басқарма жүргізеді. Оның қорытындысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің қадағалауында болмақ. Бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңаша ұйымдастыру қажет екендігін көрсетуде. Демек, мемлекеттік қызметтшілердің біліктілігі, кәсіби деңгейі мен олардың жоғары адамгершілік қасиеттері бір қатарда тұруы қажет. Бұл уақыт талабы.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


