Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Ұлытау облысында осы бағытта жүргізілген бақылау жұмыстары алғашқы жартыжылдықта бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету барысында 4 мың 925 заңбұзушылық тіркелген. Ал жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтардың жалпы саны 7 мың 213-ке жетті. Олардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің сақталмауы мен заңнамада белгіленген тәртіптің бұзылуына қатысты. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік органдарға оларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар жолданған.

Сонымен қатар есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүйелі жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіретін «Елге қызмет» телебағдарламасының жеті арнайы шығарылымы ULYTAU және Aqsham телеарналарында көрерменге жол тартты. Бұдан бөлек, онлайн жәрмеңкелер, интернет-конференциялар және түрлі түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызметтің тиімділігін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты