МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ АРТҚАН

Өңірде 2025 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сандық және сапалық құрамы артқан. Бұл жөнінде - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары айтты. Аймақта –жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттардың, тексеру комиссиясындағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 869 бірлікті құрайды. Бос жұмыс орындары – 126 бірлік. Мемлекеттік қызметшілердің 44 пайызы ер адамдар, 56 пайызы нәзік жандылар қауымынан. Салаға жауапты департамент - мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары мен Әдеп нормаларының сақталуын да басты назарда ұстауда...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


