МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН

23 ші маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні! Мәртебелі мамандық иелері - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, маңызды мәселелердің дер сәтінде шешілуіне ықпал етеді. Кәсіби мереке қарсаңында аймақта аталған салада абыройлы еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкер жайындағы бейнематериалымызды назарларыңызға ұсынамыз...
Ардақ Жапаровтың мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесі 20 жылға жуықтап қалған. Еңбек жолын Қарағанды облысына қарасты Осакаров ауданында бастаған ол - осы жылдар ішінде мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауыл әкімдерінің алғашқы Сайлауына түсіп, селолық округ әкімі қызметін де атқарған. Бүгінде Ұлытау облысы әкімі аппаратында күрделі де жауапты салаға жетекшілік етеді.
Өткен 2025 жылы Ардақ Жапаров «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған. Бұл оның еткен еңбегі мен төккен теріне берілген баға!
Ардақ Жапаров – бос уақытында спортты жанына серік етеді. Мемлекеттік қызметкерлерден құралған Ұлытау облысы волейбол командасының белді ойыншысы.
Халық тарапынан артылған сенімнің салмағын жақсы түсінетін Ардақ Қажымұратұлы: – «Мемлекеттік қызмет қоғам игілігі үшін!» деген мызғымас ұстанымды ұран етемін дейді. Бұл, әрине, уақыттың да талабы!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


