МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПА ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған екі мәселе қаралды.
Алдымен Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы талқыланды. 2026 жылдың екінші тоқсанында ауданның атқарушы органдары 2 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Оның 1895-і «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 126-сы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, 47-сі қағаз түрінде ұсынылған.Сонымен қатар ауылдар мен ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жандандыруға басымдық берілуде. Бүгінде ауданда осындай 54 бұрыш жұмыс істейді.
Отырыста Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі жұмысының нәтижелері де қаралды. Қаңтар-тамыз айларында бөлім 298 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұдан бөлек, тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстары мен шағымдары тұрақты түрде сараланады. Анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


