Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың құқығын қорғау - уәкілетті органның тұрақты бақылауында. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметтердің заң талаптарына сай әрі уақытылы көрсетілуін қадағалайды. Осы бағытта денсаулық сақтау ұйымдарындағы мемлекеттік қызметтердің сапасына сыртқы бақылау жүргізілді. Нәтижесінде азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға бекіту қызметіне қатысты бұзушылықтар анықталды. Ереже бойынша электрондық үкімет порталы арқылы түскен өтініш бір жұмыс күнінде орындалуы тиіс. Алайда 27 өтініш бойынша қызмет алушыларға нәтиже ұсынылмаған. Анықталған кемшіліктер бойынша Департамент тиісті шаралар қабылдап, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты