Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ҮШІН ӨТІНІМДІ ОНЛАЙН ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ҮШІН ӨТІНІМДІ ОНЛАЙН ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жеңілдетілуде. Артық кедергілер мен тосқауылдар жойылып, конкурс рәсімдері бұрынғыдан да ашық әрі қолжетімді бола түсті. Бүгінде мемлекеттік қызметке орналасу үшін өтінімді онлайн форматта жолдауға болады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қазірдің өзінде онлайн өтінім арқылы жұмысқа орналасып, қызмет атқарып жүрген азаматтар бар.

Жаңа ережелерге сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдері барынша жеңілдетілген. Енді конкурстар қысқа мерзімде өткізіледі. Ал, үміткерлер барлық кезеңнен онлайн түрде өтіп, нәтижелерді электронды форматта көре алады. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бұл жүйенің тиімді екенін айтуда.

Мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Осы жүйе бойынша жұмысқа орналасқан Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасының басшысы Айгерім Бекеш пен ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы Нұржан Жанат өз көзқарастарын ортаға салды.

Бүгінде «Е-қызмет» ашық порталы мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртудың тиімді құралына айналды. Ол конкурстық рәсімдердің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде кәсіби, адал және бәсекеге қабілетті мамандарды қызметке тарту мүмкіндіктері кеңейіп келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты