МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай облыс орталығында - жас мемлекеттік қызметшілер арасында АНТИПАРАКВЕСТ- квиз ойыны өтті. «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген ойын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздеді...
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мен Жезқазған қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырған интеллектуалды ойынға «ӘДІЛЕТ»; «SMART JEZ»; «БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ»; және «ДАРА» атауымен жас мемлекеттік қызметшілерден құралған 4 команда қатысты.
Зияткерлік сайыс 4 кезеңнен тұрды. Мұндағы сұрақтар мен тапсырмалардың дені 1 ші шілдеден бастап күшіне енетін Жаңа Конституияға негізделген. Қазылар алқасы жас мемлекеттік қызметшілердің қарым-қабілеті мен білім дәрежесіне оң бағасын берді.
Сайыс қорытындысында барлық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен «Дара» командасы жеңімпаз атанды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


