МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ

23 ші маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні! Кәсіби мерекеге орай облыс орталығындағы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында» өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер арасында «TezTap» зияткерлік ойыны өтті...
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған интеллектуалды ойынға Ұлытау облысы әкімдігі мен Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының және Ұлытау ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Зияткерлік сайыс бес кезеңнен тұрды. Мұнда мемлекеттік қызметкерлердің – логикалық тұрғыдағы ой өрісі мен жедел әрі дұрыс шешім қабылдау сынды қабілеттері сыналды. Сондай-ақ, танымдық шарада білім деңгейі де сараланды.
Интеллектуалды ойында Ұлытау облысы әкімдігінің «Альянс» командасы үздік атанды. Ал, екінші орынды Жезқазған қаласы әкімдігінің 7102 командасы жеңіп алды. Іс шара мемлекеттік қызметкерлердің ұжымдық бірлігінің де айқын көрінісі болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


