Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер»; «Мемлекеттік қызметшілердің психотропты заттар мен олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта тұтынуын болдырмау»; «Қызметтік көліктерді басқару тәртібі» және «Мемлекеттік қызмет пен қызметтік әдеп нормаларының сақталуы.» Аталған мәселелер Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен семинар кеңестің күн тәртібіне шығарылды...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген жұмыс жоспарын сай өткізілген семинарға – облыс әкімі аппаратының мамандары, Экономикалық тергеп-тексеру және Полиция департаменттерінің өкілдері мен басқарма басшылары қатысты. Негізгі мақсат: күн тәртібіндегі мәселелердің алдын алу және ақпараттық түсіндір жұмыстарын жүргізу.

-(Аталған мәселелердің қоғамдағы зияндылығын түсіндіру мақсатында - өткен жылдың 12 айында біздің департамент тарапынан жергілікті және республикалық телеарналар мен басылым беттерінде 55 материал жарық көрді. Өңір аумағында 103 профилактикалық іс шара өткіздік. «Қаржы сақшысы» атауымен жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруды көздеген олимпиада өткіздік. Онда 6 мыңнан аса жас қамтылды. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде – спорттық іс шараларды да жүйелі ұйымдастырудамыз.) Семинар кеңес барысында қызметтік көлікті – жеке мақсатта қолданбау жөнінде де мәселелер көтерілді. Мәселен, жыл басталғалы аймақта 5500 ге жуық әкімшілік-құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде жол қозғалысына қатысты құқықбұзушылықтар саны – 3000 нан асады. Аталған бағыттағы жұмыстар «Заң мен Тәртіп» қағидатына негізделген. Кеңесте айтылған ұсыныстар – салаға жауапты басқармалардың бақылауында болмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты