МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. 2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты мен демалыс режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг барысында еңбек заңнамасын бұзудың 48 дерегі анықталған. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті тиісті шаралар қабылдады. Негізгі мақсат- қызметшілердің заңмен бекітілген құқықтарын қамтамасыз ету, артық жұмыс істеу жағдайларына жол бермеу және қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


