МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Облыс орталығында «Адал азамат» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.
Зияткерлік сайысқа мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен 36 мемлекеттік қызметші қатысып, 12 командаға бірікті. Қатысушылар мемлекеттік қызметті дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп мәселелерін кеңінен талқылады.
Пікірсайыс барысында әр команда өз ұстанымын дәлелдеп, қарсы тараптың уәждеріне жауап берді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау, талдау және пікірін сауатты жеткізу дағдыларын шыңдауға мүмкіндік бермек.
«Бағалауға келетін болсақ, бұл жерде әрбір қатысушының сыни ойлауы, логикасы, тақырыпты қалай алып шыға алды, аргументтерді қалай қорғады, соған қарадық. Ал турнирдің жалпы негізгі мақсаты, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыни ойлауды дамыту»
— Жалғас Қыдырәлі, бас төреші
Турнир қорытындысы бойынша Жезқазған қаласы әкімі аппаратының командасы бірінші орын иеленді. Екінші орын Ұлытау облысының Статистика департаменті ұжымына берілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


