МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді.
Биылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттары мен құндылықтарын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Бұл бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда «Әділ Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын орнықтыруды көздейді.
Заңнамадағы өзгерістер мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды жетілдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін күшейтті. Сондай-ақ Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік нормаларын жаңартты.
Мамандардың айтуынша, жаңартылған заң талаптарын түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін күшейтіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына ықпал етпек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


