МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жаңарды. 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа заң жастарды мемлекеттік қызметке тартуға басымдық беріп, даярлау институтын енгізді. Қызметке қабылдау толық цифрландырылып, конкурстар «e-Qyzmet» жүйесі арқылы өткізіледі. Іріктеу мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және мансаптық өсуіне де жаңа мүмкіндіктер берілді. Әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіліп, жалақыны индекстеу, қосымша демалыс және үстеме жұмысқа өтемақы қарастырылған. Ал қызметтік әдеп талаптарының күшеюі мен «мінсіз бедел» институтының енгізілуі мемлекеттік қызмет сапасына қойылатын талапты арттыра түспек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


