МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Мемлекеттік қызмет алу кезінде туындайтын мәселелерді шешу - азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты. Осы ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Қызмет алушылар көбіне жер қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салалар бойынша жүгінеді. Әр өтініш зерделеніп, қажет болған жағдайда азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданады. Мәселен, денсаулық сақтау саласында еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту мәселесі Департаменттің араласуынан кейін шешілді. Ал білім беру саласында құжаттың телнұсқасы уақытында берілмеген. Нәтижесінде қызмет көрсетіліп, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


