МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТУДА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті - Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың өтінішіне жедел ден қою мақсатында халық арасында жиі кездесетін мәселелерді анықтау мен оларды шешу бойынша кешенді жұмыстарды қолға алған. Жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың көбіне: артық құжаттар талап ету; мерзімдердің сақталмауы; негізсіз бас тартулар сынды мәселелерге тап болатыны анықталған. Айта кетейік, қызмет алушылар - жер қатынастары, білім және әлеуметтік сала бойынша жиі жүгінеді...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


