Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні! Маңызы зор мерекеге орай облыс орталығында «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты дәстүрлі Ту көтеру рәсімі өтті!..

1992 жылы Қазақстан ең алғаш Тәуелсіз ел ретінде Мемлекеттік Рәміздерін жариялады. Мемлекеттік Рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран – мемлекет негізінің мызғымас бөлігі, азаттықтың айбыны!

Жезқазғандағы Ту көтеру рәсіміне өңір басшысы мен мәслихат төрағасы, халық қалаулылары, ардагерлер кеңесі мен еріктілер және белсенді жастар қатысты.

2007 жылдан бері ресми аталып келе жатқан айтулы күн – жастарды отансүйгіштікке шақыру бағытында да айрықша мәнге ие. Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспеттес Рәміздерге құрметпен қарау әрқайсымыздың парымыз деді шараға жиналғандар...

Салтанатты шара – патриоттық рухтағы әндермен мәреге жетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты