Жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ»

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ»

Облыс орталығында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында өткен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Дәстүрлі дода мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде насихаттауды мақсат етеді.

Байқауға әртүрлі этнос өкілдері қатысып, қазақ тілін меңгерудегі тәжірибесін ортаға салды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен әзірленген цифрлық контент ұсынып, қазақ тілін үйретудің тиімді әдістеріне арналған жобаларын қорғады. Жұмыстарды тіл мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Қазылар шешімімен ынталандыру сыйлықтары мен жүлделі орындар өз иелерін тапты. Үшінші орын Пак Евгений мен Дурдона Камиловаға бұйырса, екінші орынды Эльвира Галимова иеленді. Ал бірінші орын Евгений Соколовскийге табысталды. Байқаудың бас жүлдесі татар этносының өкілі Гульназ Гатиятоваға берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдерін дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты нығайтуға да ықпал етеді. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты