Жаңалықтар

«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН»

«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН»

Бүгін қазақ поэзиясының дара тұлғасы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Ұлы ақынның мерейтойына орай Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткен шараға білім беру ұйымдарының басшылары, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Жас таланттар ақынның жүрек тебірентер әндерін орындап, сыршыл поэзиясының тереңдігін паш етті.

«ТАН / Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз-оқушыларымызды шығармашылыққа баулу,жалпы қазақтың ақиық ақын өмірін,шығармашылығын дәріптеу болып табылады.Біз енді Абай атындағы мамандандырылған мектеп болғаннан кейін балаларымызды осындай іс-шараларға баулу біздің міндетіміз.Сондықтан да бүгінгі кеште жалпы барлық ата-ана,ұстаз,оқушы болып қатысып жатыр»

— Динара Қапарова, Абай атындағы мамандандырылған мектеп- интернатының директоры

Өмірін өлеңмен өрген Мұқағалидың шығармаларына арналған бұл кешке мектептің жүзге жуық оқушысы қатысып, ақын өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылығын көрсетуге арналған көрме де ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығын бейнелеп,сахналық көрініс те көрсетті.Бұл тағылымды кештің мазмұнын арттыра түсіп, көрерменнің жүрегін тербетті.

Мұқағали шығармашылығы өміршеңдігін жоғалтқан емес. Оның шығармалары осы күнге дейін оқырманын жоғалтпай, рухани құндылық ретінде өмір сүріп келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты