«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2026»

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі мәреге жетті. Отбасы құндылығы мен әулеттің ымыра-бірлігін дәріптейтін жоба 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді...
Отан – отбасынан басталады. Ал, өнегелі отбасы – елдің тұтқасы. Бұл орайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ұлт үшін де, ұрпақ үшін де берері зор.
Алдымен түрлі аталымдар бойынша номинация иегерлері анықталды. Атап айтар болсақ «Саялы бәйтерек» аталымы Ұлытау ауданынан келген Смайловтар отбасына табыс етілсе, Жезқазғандық Тайжановтар жанұясы «Мейірімді жүрек» номинациясында топ жарды. Ал, «Адал тұлға» Сәтбаев қаласынан қатысқан Әбілқасымовтар әулетіне берілді. Жаңаарқалық Нұғмановтар жанұясы – «Еңбекке адал әулет»» аталымымен марапатталды. Аталған аталым иегерлерінің барлығына 500 мың теңгелік сертификат берілді.
«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде бас жүлдені – қазыналы Қаражалдың намысын қорғаған Сағындықовтар әулеті жеңіп алды. Көп балалы жанұя – ымыра-бірлігімен көпке үлгі!
Айта кетейік, облыста оза шапқан Сағындықовтар әулеті ұлттық байқаудың республикалық кезеңіне – Ұлытаудың атынан қатысуға жолдама алды!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


