Жаңалықтар

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ –  2026

Ұлытау ауданынының орталығында - «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі қортындыланды. Отбасы құндылығы мен әулеттің ымыра-бірлігін дәріптейтін жоба 2013 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді...

Отан – отбасынан басталады. Бұл орайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ұлт үшін де, ұрпақ үшін де берері зор. Аталған байқаудың аудандық кезеңіне қатысуға 13 отбасы ұсыныс білдірген. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді аудан әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы құттықтады.

Ұлттық конкурстың Ұлытаудағы іріктеу кезеңі қорытындысында «Өнерлі отбасы», «Үлгілі отбасы», «Ордалы отбасы» сынды бірнеше аталым бойынша марапаттар ұсынылды. Ал, жеңімпаз - Егінді ауылының намысын қорғаған Смайловтар отбасы. Берекесі тасыған іргелі әулет байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Ілкімді шара жергілікті өнерпаздар дайындаған концертпен мәреге жетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты