Жаңалықтар

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жезқазғанда отбасы құндылығын ұлықтаған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Салтанатты шарада жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, өнегелі отбасылардың қоғамдағы орны тағы бір мәрте айшықталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде 2014 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.Осы уақыт ішінде оған еліміздің түкпір-түкпірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысып, жоба ауқымы мен қатысушылар қатары жыл сайын артуда. Салтанатты рәсімді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен ашып, байқауға қатысушыларды құттықтады. Ол отбасының қоғамдағы орнына тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен отбасы бірлігінің маңызын ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар тапсырылды. Жеті және одан да көп бала тәрбиелеген аналар «Алтын алқа» иеленсе, алты бала өсірген аналар «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Бұдан кейін байқаудың төрт номинациясы бойынша үздік деп танылған отбасыларға 200 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Ал қалалық кезеңнің жеңімпазы атанған Тайжановтар отбасы 500 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені еншіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау отбасы дәстүрін, өзара сыйластық пен ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін өнегелі жанұяларды қолдап, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға үлес қосып келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты