Жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ ІЗДЕУ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ ІЗДЕУ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаңа жылдық мерекелік демалыс кезеңінде Ұлытау облысында төтенше жағдайлар департаменті бірнеше іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. 31 желтоқсан күні Базыл қыстағы маңында жоғалып кеткен 1957 және 1959 жылы туған екі ер адамды іздеуге бір техника мен төрт жеке құрам жұмылдырылды. Біреуі 1 қаңтар күні табылып, екіншісі 2 қаңтарда аман-есен үйіне жеткізілген. Сонымен қатар, қаңтардың 3інен 4 іне қараған түні Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шығып, уақытында оралмаған 1997, 1972 және 1968 жылы туған үш азамат бес сағат ішінде табылды. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен полиция күштері тартылып, арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жеке құрам пайдаланылды. Барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты