Жаңалықтар

МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ

МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ

Облыс орталығында - Металлургтер күніне арналған мерекелік іс шаралар кең көлемде қолға алынды. Жылдағы дәстүрге сай кәсіби мереке - академик Қаныш Сәтбаевтың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, өндіріс озаттарына құрмет көрсетілген жиынмен жалғасын тапты…

Гүл қою рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы мен еңбек ардагерлері және белсенді тұрғындар қатысты. Жиналғандар өңірдегі өндіріс тарихының бастауында тұрған тұлғаның рухына тағзым етіп, оның ғылым мен тау-кен металлургиясының қалыптасуына қосқан үлесін құрметпен еске алды.

Гүл қою рәсімінен кейін үздік металлургтерді марапаттау рәсімі өтті. Қазақмыс» компаниялар тобының жетпістен астам қызметкері көпжылдық адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және отандық металлургияны дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік, ведомстволық және корпоративтік өзге де марапаттарға ие болды. Облыс әкімі Есет Байкен: «металлургия - Ұлытау аймағы экономикасының негізгі күретамыры», - екеніне кеңінен тоқталып, сала мамандарын төл мерекемен арнайы құттықтады.

Мерекелік жиында компания басшылығы өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде жалғастыруға басымдық берілетіндігін айтты.

Өндіріс ошағында орын алған әр жетістіктің артында маңдай тер, асқан жауапкершілік және кәсіби шеберліктің үлгісі бар. Мұндағы марапат - қажырлы еңбекке берілген қадірлі баға!

«1259 8ШІ ЗВУКТАН: / / 1985 жылдан бастап жұмыс істеймін. 41 жыл болды жұмыс істеп жатқаныма. Конверчик болып жұмыс істеймін. 1998 жылдан бастап бригадир болып жұмыс істедім. 25 жыл. Қазір орынды жас жігіттер қабылдап алды. Біздің жұмысымыз қара мыс шығару. Қара мыс балқытамыз. Бүгін міне 3ші дәрежелі еңбек даңқын беріп жатыр. Қазақмыс корпорациясының басшыларына алғысымды білдіремін»

— Ержан Әлібеков, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің иегері

«1261 9ШЫ ЗВУКТАН: / / Бұрын қара шаңырақ Қарсақбайда металлургия зауытында жұмыс істегем. Кейін осы Жезқазған мыс қорыту зауытында жұмысқа тұрып, бір салада істеп келе жатырмын. 15 шақты жыл болып қалды. Көңіл-күй әрине жақсы. Мерекені жақсы қарсы алып жатырқ.Бүгін міні 3 ші даңқы дәрежесін алып жатырмын. Корпорация Қазақмыстың басшыларына және мынау кәсіподақ еңбек ұжымына алғысымды айтамын. Мереке құтты болсын!»

— Әлімжан Өкімбаев, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісінің иегері

Металлургтер күні - Жезқазған қаласы үшін жәй ғана кәсіби мереке емес! Бұл - шаһар тынысында толайым табыспен тер төгіп жүрген мыңдаған балқытушының мерейін тасытатын айрықша күн!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты