Жаңалықтар

«MINING SKILLS 2026» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

«MINING SKILLS   2026» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

Сәтбаев қаласындағы - «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Технологиялық колледжде «Mining Skills 2026» дәстүрлі корпоративтік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жұмысшы мамандықтарын насихаттауды көздеген шараға кәсіпорын еңбеккерлері мен колледж студенттері белсене қатысты...

Екі күнге жоспарланған конкурс: маркшейдерлық іс, инженерлік графика, мехатроника және геологолиялық түсіру модульдері сынды өндіріс саласындағы өзекті бағыттарды қамтыды. Биылғы шеберлік чемпионатында 40 тан аса қатысушы болды.

«(Байқау жоғары деңгейде өтуде. Қатысушылардың дайындық дәрежесі өте жақсы. Мұндай іс шаралар жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу ордалары мен кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық байланысына да оң әсерін береді.)»

— Ақжан Кенжегүл, сарапшы

Байқау шеңберінде «жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» деп танылған өз ісінің кәсіби шеберлеріне құрмет көрсетіледі. Айта кетейік, Чемпионат жыл сайын сарапшыларды, оқытушыларды, студенттер мен жас мамандарды бір алаңда біріктіреді. Бұдан бөлек студенттерге аға буынның тәжірибесін үйренуге, шеберлігін шыңдауға, сонымен қатар жетекші салалық компаниялардың жұмыс стандарттарымен қоса заманауи технологиямен танысуға мүмкіндік береді....

«(Мен осы Технологиялық колледждің 4 ші курс студентімін. Біз бүгінгі байқауда бұған дейінгі өндірістік іс тәжірибеде үйренгенімізді өз деңгейінде көрсетудеміз. Бұл бір жағынан теориялық тұрғыдағы білімімізді сараптауға да жол ашуда. Конкурс барысы қызықты өтуде.)»

— Диас Исабек, «Mining Skills 2026» кәсіби шеберлік чемпионатының қатысушысы

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер марапат биігіне көтерілді. Жеңімпаздар қатарында болашақ өндіріс майталманы Рамин Керимов та бар.

«(Мен мехатроника бағыты бойынша қатыстым. Байқау маған өте ұнады. Тыңғылықты дайындықтың арқасында 1 орынды жеңіп алдым. Іс шара ұйымдастырушыларына, колледж ұжымына айрықша алғыс айтамын.)»

— Рамин Керимов, «Mining Skills 2026» кәсіби шеберлік чемпионатының І ші орын иегері

Байқау ұйымдастырушылары мұндай бағыттағы іс шаралар әрі қарай да жалғаса беретіндігін айтты. Негізгі мақсат: өндіріс орындарына қажетті сапалы кадрдың жаңа буынын дайындау.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты