МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Үздік партия – үздік кадр!» Аймақта - «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының модульдік оқыту бағдарламасы басталды. Үш күндік оқу семинарына облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері және партия филиалының қызметкерлері қатысуда...
Оқыту бағдарламасы өңірлердегі саяси менеджмент мәдениетін жетілдіру және партияның кадрлық кәсіби құзіреттілігін дамытуды көздейді. Семинар барысында тыңдаушыларға өзекті бағыттар бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылуда. Аталған оқыту шаралары республиканың барлық өңірінде қолға алынған...
Ұлытау облысындағы оқыту семинарына 135 тыңдаушы қатысуда. Бағдарлама қатысушылардың басқарушылық дағдылары мен заманауи саяси менеджмент құралдарын тереңірек меңгеруге де бағытталған.
Айта кетейік, Модульдік оқытудың алғашқы кезеңі 3 ші маусымға дейін жалғасады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


