Жаңалықтар

«МӨЛДІР ӨЛЕҢ» ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ – ЖЕЗҚАЗҒАНДА

«МӨЛДІР ӨЛЕҢ» ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ – ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Жезқазғанда «Мөлдір өлең» поэзиялық жобасының жартылай финалы өтті. Өнер додасында Ұлытау мен Қостанай облысының ақындары бақ сынады. Үш кезеңге созылған тартысты бәсекеде Ұлытау командасы топ жарып, келесі кезеңге жолдама алды.

«Мөлдір өлең» ақын Мөлдір Айтбай мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе қолға алған жоба. Байқауға еліміздің 20 өңірінен 60 ақын қатысып, 18 апта бойы өзара бақ сынауда. Негізгі мақсат - қазақ поэзиясының өрісін кеңейтіп, қаламгерлерге қолдау көрсету және ақындық өнерді дәріптеу.

Жартылай финалда қос өңірден үш ақыннан сынға түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздері таңдаған ақындардың шығармаларын оқыса, екінші кезеңде көрермен ұсынған бес сөзге сүйеніп, 20 минут ішінде жаңа өлең жазды. Ал соңғы кезеңде өздерінің авторлық туындыларын ұсынды.

Жеңімпаз көрермендердің арнайы сайттағы дауыс беруі арқылы анықталды. Нәтижесінде Ұлытау облысының ақындары қарсыласынан басым түсіп, финалға өтті. Айта кету керек, жеңімпаз командаға 3 миллион теңге мен арнайы «Мөлдір өлең» статуэткасы табысталады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты