Жаңалықтар

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЖЫМҚЫРУ АРНАЛАРЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЖЫМҚЫРУ АРНАЛАРЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Ұлытау облысының Экономикалық тергеу департаменті «Қазақмыс» корпорациясының Экономикалық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, өңірде ұзақ уақыт бойы әрекет еткен жанар-жағармай және өзге де мұнай өнімдерін жымқыру арналарының жолын кесті. Тергеу барысында корпорацияға елеулі залал келтіріп, жеке пайда табу мақсатында мұнай өнімдерін заңсыз айналымға шығарған тұлғалар анықталды. Жезқазған қаласының соты кінәлілерге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, мұнай өнімдерін сақтау мен тасымалдауға пайдаланылған автокөліктер мен ыдыстарды мемлекет пайдасына тәркіледі. Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты