МУЗЕЙДІҢ МҮМКІНДІГІ КӨБЕЙДІ

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін заманауи талапқа сай жаңартылған, толықтырылған және кеңейтілген экспозициялық залдардың, сондай-ақ жаңадан ашылған екі залдың таныстырылымы өтті. Маңызды мәдени шараға облыс және қала басшылығы, мәдениет саласының қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Таныстырылым барысында қонақтарға музейдің жаңартылған экспозициялық залдары бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Жаңғыртылған музейде өңір тарихы көне дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін хронологиялық жүйеде ұсынылған. Экспозицияларға архивтік деректер, облыстық музей қорындағы құжаттар, фотосуреттер мен тарихи-мәдени, археологиялық құндылығы жоғары жәдігерлер енгізілген.Жалпы музей залдарындағы экспонаттардың 60 пайызы жаңартылған.
«0410 видеодан / Негізінде осы экспозициялық залдарды өзгертудің жұмыстары 2024 жылы бастау алған болатын.Біз өзіміз 2024 жылы осы экспозиция залдарының хронология бойынша үлкен ғылыми ізденіс жинақтау жұмыстарын жүргізіп алдық.Одан кейін осы экспозициялық залдардың қалай болашақта болатыны бойынша 3Д проект жасалған болатын.Жаңартудың бір себебі мына Ұлытау облысы болғаннан кейін біздің музейіміз соған сай болуы керек қой.Себебі осы өңірге келген,еліміздің түкпір түкпірінен келген шетелдіктер ең бастысы осы Ұлытау өңіріне келгенде бірінші музейімен танысады.Себебі біздің музейде осы Ұлытау облысының тарихы көрсетілед.Содан кейін ғана ол кісілер тарихымен танысып барып,осы тарихи жерлерге барады.Мақсатымыз сол болатын»
— Зағира Қалменова, Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің директоры
Жаңартылған музейде бірнеше тақырыптық зал жұмыс істейді. «Дәуірлер тоғысындағы Ұлытау» залында өңірдің табиғи және тарихи дамуы, палеонтология бөлімі мен мультимедиялық диорамалар ұсынылған. «Ұлытау ғасырлар шежіресі» залында дала өркениеті мен Қазақ мемлекетінің қалыптасуын айғақтайтын бірегей жәдігерлер қойылған.Сондай-ақ музейде ХХ ғасырдың қоғамдық-саяси тарихы, Алаш зиялылары, Степлаг, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі қамтылып, «Қазыналы өлке тарихы» залында өңір өндірісі, Қаныш Сәтбаевтың голограммасы, тарихи оқиғалар мен Ұлытау облысының жетістіктері көрсетілген. Экспозиция Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген 9 туристік маршрут көрсетілген картамен аяқталады.
«тан / Бүгін міні Ұлытау облысында жақсы жаңалық болып жатыр.Жаңартылған музей ашылып жатыр.Жаңа технология, интелектісімен. Мынау енді Ұлытау өңірінде бірінші ашылып жатқан музейдің ішінде біз таджик-ауған соғысының ардагерлеріне арнап арнайы ашылған осындай бұрыш ашылды.Өте қуанып жатырмыз.Мынау енді жайдан-жай қойылып жатқан жоқ.Жасөспірім ұрпақтарға патриоттық сезім оятады деп ойлаймын»
— Қайсар Бимұратов, музей қонағы
«тан / Мен өте ризамын осындай кең байтақ Қазақстанда,осындай кішкентай Жезқазғанда мынандай керемет музейдің барына.Бірінші рет көруім.Енді мына өзіміздің атамыз,менің атамның әкесі.Бұл кісі жайлы енді көп нәрсе естігем өзімнің атамнан,ол кісі қазір 88 де.Мерген кісі болған.Енді евроремонт жасалған,мен таңғалып тұрмын.Өзім енді Тараздың тумасымын.Бірақ та осындай әдеміні өзім енді көріп жатырмын.Сіздерге сәттілік,әрі қарай дами беріңіздер.Бұны енді келесі ұрпаққа жеткізу ол енді біздің қолымызда деп ойлайм»
— Нұргүл Сүйенбаева, музей қонағы
Таныстырылым барысында музейдің жаңаруына үлес қосқан азаматтар мен мердігер мекемелерге алғыс айтылып, олардың еңбегі ерекше атап өтілді. Жаңғыртудан өткен музей бүгінгі таңда Ұлытау өңірінің тарихи-мәдени мұрасын заманауи форматта кеңінен танытатын, өңірдің рухани дамуына серпін беретін маңызды мәдени орталыққа айналып отыр.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


