НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Ұлытау облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхан Оразбаевтың төрағалығымен – «нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңестің» кезекті отырысы өтті. Мұнда аталған кеңестің 2026 шы жылдың І ші тоқсанында атқарған жұмыстары қорытындыланды...
: Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Қазіргі таңда Ұлытау облысы бойынша наркодиспансер есебінде нашақорлыққа тәуелді 200 ден аса азамат тіркеуде тұр. Ал, оның алдын алу бойынша іс шараларда нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңестің атқарып отырған жұмысы орасан...
«(Бүгін біз қоғам үшін аса маңызды бағыттардың бірі – нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес отырысына жиналып отырмыз. Бұл мәселе тек құқық қорғау органдарының құзыретімен шектелмейді, ол – бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне, ұлт денсаулығына және жас ұрпақтың болашағына тікелей әсер ететін өзекті бағыт. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – біздің күнделікті жұмысымыздың негізгі бағдары.)»
— Нұрхан Оразбаев, Ұлытау облысының ПД бастығы
Осыған сәйкес, қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Ресми статистикаға көз жүгіртіп, сандарды сөйлестек есептік кезеңде облыс аумағында 27 есірткіге қатысты қылмысы орын алған...
Жыл басынан бері облыс аумағында 304 есірткі қылмысының алдын алу іс-шара өткізілген. Бұл жұмыстарда нашақорлықтың алдын алу бойынша құрылған кеңес белсенділік танытқан. Жиын соңында кеңес мүшелеріне Ішкі Істер Министрлігі мен облыстық Полиция департаменті бастығының Алғыс хаттары табыс етілді.
-(Біздің облыстық кеңесте 10 адам бар. Олар әр түрлі саланың өкілдері. Қуантатыны, кеңес құрамында жастар көп. Жастар – қашан да қоғамның қозғаушы күші! Олармен жұмыс істеу жеңіл әрі қызықты. Алда да есірткі қылмысының алдын алу мен оның зияндылығын түсіндіру мақсатындағы шараларға қолдау білдіретін боламыз.) Иә, Нашақорлыққа қарсы күрес – тек құқыққорғау органдарының міндеті ғана емес, бұл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан Кеңес отырысында аталған мақсаттағы жұмысты жаңа деңгейге көтеру жүктелді...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


