НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Облыс әкімдігінде - аймақ басшысы Дастан Рыспековтың төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу мен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөнінде жиын өтті.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Өкініштісі сол, біреудің өмірін жалмап жатқан дерт – біреудің бизнесіне айналған. Қазіргі таңда Ұлытау облысы бойынша наркодиспансер есебінде нашақорлыққа тәуелді 238 азамат тіркеуде тұр. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабина Ниязова баяндады...
-(Есірткіге тәуелділер тізімі санатында Ұлытау облысы – республикада 10 шы орында. Біз бұл көрсеткішді төмендету бағытында жүйелі жұмыс істеудеміз. Наркодиспансер есебіндегілер қатарында жаңадан қосылғандар жоқ. Есептегі тұрындардың бәрі салаға жауапты мамандардың қатаң бақылауында.) Аталған салада кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Әсіресе, психиатр-наркологтардың жетіспеушілігі басым. Аймақ басшысы - тәжірибелі мамандарды тарту жұмыстарын ширатуды тапсырды.
Ал, Полиция департаменті тарапынан Есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026–2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында облыста жедел-іздестіру шараларымен қатар, кең ауқымды алдын алу жұмыстары да жүргізілуде. Бұл ретте ғаламтордағы заңсыз сайттар да қадағалануда..
Жиын қорытындысында өңір басшысы профилактикалық іс шараларды күшейтуден мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуге бағытталған бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Негізгі басымдық бұқаралық сипаттағы іс шараларда...
Аталған жұмыстардың барлығы нашақорлықтың алдын алуды көздейді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


