«НАУРЫЗ – FEST» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Ертеңнен бастап елімізде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын ерекше форматта атап өтудің он күндігі басталады! Ал, бүгінгі күннен Қазақстан бойынша республикалық «Наурыз-Fest» акциясы жарияланды.
«Наурыз-Fest» акциясы - отандық тауар өндірушілерді қолдау мен азық-түлік және тұрмыстық тауарлар мен киім-кешектерге жеңілдіктер жасауды көздейді. Атап айтар болсақ, мерекеге орай жеңілдіктер 10 пайыздан - 70 пайызға дейінгі аралықта қамтылған. Бұл акция облыс орталығындағы 8 сауда орынында жүргізілуде. Олар...
Акция – мереке алдында әлеуметтің әлеуметтік ахуалына оң серпінін береді деп күтілуде. Жобаға біздің өңірде - Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармас жетекшілік етуде.
Акция шеңберінде сауда орталықтарында ұлттық нақыштағы суретке түсу алаңдары да ұйымдастырылмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


