Жаңалықтар

НАУРЫЗ ТОЙЫ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

НАУРЫЗ ТОЙЫ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Наурыз – ізгілік пен мейірімнің, береке мен бірліктің мерекесі! Ұлыстың Ұлы күнінде облыс орталығындағы әр аула ұлттық нақышта безендіріліп, көршілер болып та атап өтті. Сондай бірлігі жарасқан ауладағы Наурыз тойына біздің түсірілім тобы да қатысқан еді...

Бұл Жезқазғандағы Шевченко көшесі 32 ші үйдің тұрғындары. Үлкендер бас болып, жастар қостап биылғы Наурызды айрықша форматта атап өткен көршілер – негізгі мақсатымыз мерекенің маңыздылығын өскелең ұрпаққа кеңінен түсіндіру дейді...

Аула алдындағы ашық алаңқайға Киіз үй тігіп, қазан көтерген көршілер – ұлттық ойындардан да сайыстар ұйымдастырды. Наурыз көже пісіріп, бір-біріне Наурыз тілектерін жолдады.

«(Наурыз мерекесін – Жаңа жыл секілді отбасылық мейрамға айналдыру қажет. Бүгінгі шара соның негізгі қадамдары десек те болады. Мен қол күрес спортына қатысып, жүлдегер атандым. Наурызды тек 22 сі ғана тойламай, ай бойы тойласа да артық емес!!!)»

— Константини Кимель, Шевченко көшесі 32 үйдің тұрғыны

Тұрғындар мұндай іс-шаралар көршілердің татулығын нығайтып, ұлттық салт дәстүрді жаңғыртуға оң септігін береді деген пікірде. Түтіні түзу, тірлігі қызу көршілердің Наурыз тойы – өзге де мерекелік шаралар да жалғасын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты