Жаңалықтар

НАУРЫЗНАМА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

НАУРЫЗНАМА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Ұлттық спорт күніне орай мерекелік шаралар жалғасын табуда.Аталмыш мерекеге орай Жезқазған қаласындағы «Кеңгір» шипажайында «Respublica» партиясының Ұлытау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтті.

Шараның басты мақсаты - ұлттық мұрамызды дәріптеу, жастар мен қоғам белсенділерін ынталандыру. Бұл күні партияның белсенді мүшелері марапатталып, олардың қоғамдық саладағы еңбектері жоғары бағаланды. Сонымен қатар, жаңа қосылған азаматтарға партия билеттері табыс етілді.

Сондай-ақ шара барысында қатысушылар ұлттық киімдер дефилесін де көрсетіп , ұлттық ойындарға да қатысты. Әсіресе асық ату сайысы ерекше қызығушылық тудырып, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Мерекелік ән мен күй де көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«4912 4ШІ ЗВУКТАН: / Жалпы асық ату 2011 жылдан бастап ЮНЕСКО қатарына енді.Сол жылдан бастап бабаларымыздан қалған мирас құндылығымыз қазіргі таңда дәріптеу үстіндеміз.Ұлттық ойынды насихаттау жолында үлкен азаматтарымыз яғни 7 жастан, 70 жасқа дейін ойнай алады.Басты мақсатымыз осы қазіргі таңда ұлттық құндылығымызды,төл ойындарымыздың бірі асық атуды жалпы дәріптеу,оны насихаттау.Жалпы қазіргі таңда Қазақстан чемпионатымен ғана шектелмейміз,әлем чемпионаты,азия чемпионаты,әлем кубогы деген сияқты ел арасындағы чемпионаттар өтіп жатыр асық ату бойынша»

— Бекжан Қабжанов, асық ату спорты бойынша аға жаттықтырушы

Бұл мерекелік шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұжым арасындағы бірлікті нығайтудың айқын көрінісі болды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты