НҰРАСЫЛ ТҰРСЫНХАН XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Жезқазған қаласындағы №3 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрасыл Тұрсынхан зияткерлік сайыстың апталық кезеңінде топ жарып, Ұлытау облысының намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғады.
Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 108 оқушы қатысқан беделді тележобада білімді жастар мектеп бағдарламасының барлық пәндері бойынша өзара сынға түседі. Осындай бәсекеде Нұрасыл терең білімі мен жоғары дайындық деңгейінің арқасында озық шығып, мықтылар қатарынан көрінді. Жас зияткер болашағын ғылыммен байланыстыруды мақсат етеді. Әсіресе физика саласына деген қызығушылығы жоғары.
Нұрасылдың жеңісі - Ұлытау өңіріндегі білім саласы үшін жоғары жетістік. Ол өз қатарластарына үлгі болып, жастардың ілімге деген қызығушылығын арттыруға серпін беруде. Жас дарынға ұстаздары мен тәлімгерлері алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, республикалық және халықаралық деңгейде жаңа жетістіктерге жетуіне тілек білдірді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


