ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау облысы құрылған сәттен бастап Қаражал қаласында негізгі бюджет көрсеткіштері 2 есеге өскен. Бұл туралы аймақ басшысы Жәйрем кентінің халқымен кездесу барысында мәлімдеді. Облыс әкімі білім, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларындағы көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталып, өңір үшін өмірлік маңызды мәселелерді шешу жолдары туралы баяндады.Сонымен қатар, Дастан Рыспеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Алыдмен аймақ басшысы қалыптасқан тәртіп бойынша статистикалық мәліметтерді тізіп шықты. 2026 жылға арналған облыстық бюджет 175,4 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған. Қаражал қаласының өз кірістері де айтарлықтай өскен.
«Қаланың өз кірістері айтарлықтай өсімді көрсетуде — 2022 жылғы 4,4 млрд теңгемен салыстырғанда ағымдағы жылы 6,8 млрд теңгеге жетіп, 54%-ға артты. Бұл Қаражал қаласының экономикалық әлеуетінің нығайғанын және қаржылық дербестігінің артқанын айқын дәлелдейді»
— Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі
Өнеркәсіп, құрылыс салаларында да ілгерілеу бар деген облыс әкімі Қаражалда 2028 жылға дейін құны 275,7 млрд теңгеге 893 жұмыс орнын қамтитын 3 жоба жүзеге асырылады деді. Сондай-ақ ауыл шаруашылық пен білім саласындағы оң өзгерістерге тоқалды.
«Облысымызда «Келешек мектеп» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды. Сонымен қатар, 160 оқушыға арналған екі мектеп салынды. Соның ішінде Қаражал қаласының «Станция» шағын ауданында құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 80 орындық мектеп. Жаңа мектептің ашылуы жақын арада жоспарланған.Облыс орталығында 400 орындық Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуда. Реновация бағдарламасы аясында 2025 жылы Жәйрем кентіндегі №10 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, қазіргі уақытта №30 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған мақсаттарға 2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда №10 мектеп үшін 226 млн теңге сомасына жаңа жабдықтар сатып алу мәселесі қарастырылуда»
— Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі
Мәдениет, спорт,туризм саласы да дамып келеді. Дастан Рыспеков Ұлытау облысында жүзеге асып жатқан басқа да жобаларға жеке жеке тоқталыа, Жәйрем кентінің дамуына бір кісідей жұмыла атсалысуға шақырды. Әкімдік тарапынанан көмек,қолдау болатынан жеткізді. Кезек тұрғындардың сауалдарына келді.
Сондай-ақ аймақ басшысы бірқатар басқарма басшыларымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Барлық тұрғынның тілегін тыңдаған облыс әкімі заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Кездесуге қатысқан басқарма басшылары да өз салаларына қатысты сұрақтарға сол жерде жауап берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


