ОБЛЫС ӘКІМІ «ULYTAU» ФУТБОЛ КЛУБЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аймақ басшысы Дастан Рыспеков «Ұлытау» футбол клубының ойыншыларымен арнайы кездесіп, команданың жаңартылған құрамымен танысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Премьер лигасындағы жаңа маусымда жергілікті командаға сәттілік тіледі...
Биыл команда құрамы біршама жаңартылған. Қазіргі таңда клуб сапында 25 ойыншы бар. Оның ішінде 5 футболшы шет елден келген легионерлер. Жүздесу барысында облыс әкімі ойыншылардың жаттығуын көріп, алдағы ойындардың жоспарларын талқыланды.
Өз кезегінде команда жаттықтырушылары жергілікті билік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау клубтың дамуы мен ойыншылардың дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп отырғандығын атап өтті. Биыл клуб жұмысына қосымша демеушілер де тартылған.
Бүгін «Ұлытау» футбол клубы Премьер лига ойындарының 2 ші туры аясында Петропавлдың «Қызылжар» командасын өз алаңында қабылдады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


