ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Жайлаубаев тағайындалды. Бақытжан Өміртайұлы 1984 жылы туған. Еңбек жолын 2005 жылы Сәтбаев қалалық мәдени сауық орталығында бастаған. Кейіннен Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында болған. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінде жауапты қызметтерді атқарған. Бүгінгі тағайындауға дейін қоғамдық даму басқармасына басшылық етті. Облыс әкімі Дастан Рыспеков жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тіледі.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


