ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Сәтбаев қаласында тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Кеншілер шаһарына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Дастан Рыспеков - ондағы құрылыс, абаттандыру және инфрақұрылым нысандарын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Сапар барысында аймақ басшысы бірнеше нысанды аралап, жауапты мамандардың атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін тыңдады. Қала көшелерін көркейту, инженерлік желілерді жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жобалар таныстырылды. Алдымен көгалдандыру жұмыстарына арналған суару жүйесінің құрылыс барысы көрсетілді. Жоба аясында арнайы ұңғымалар орнатылып, су жеткізу желілері тартылуда.
Бұдан бөлек, облыс әкімі қаладағы жол жөндеу жұмыстарын да негізгі назарға алды. Бірқатар көшелерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімі талқыланды. Мамандардың мәліметінше, кей учаскелерде тек асфальт жабындысын жаңарту емес, жол негізін толық қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде. Бұл - жолдардың беріктігін арттырып, ұзақ уақыт қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ сапар қалада құрылыс саласы да қарқын алған. Облыс әкімі құрылыс нысандарының қазіргі жағдайын бағамдап, жұмыстарды сапалы орындау қажеттігін атап өтті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


