Жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Облыс әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан халықмен кездесті. Сонымен қатар, аудан орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарында болып, Ұлытау-Арқалық бағытындағы республикалық маңызға ие жолдың жөнделу қарқынын қадағалады...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдайтын Мемлекет» тұжырымдасы шеңберінде билік өкілдері бұқарамен тоқсан сайын жүздесіп тұрады. Осы мақсатта ұйымдастырылған шарада Дастан Рыспеков - өндірісті өлкеде атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен таныстырып өтті. Аймақ басшысы алдымен экономикалық көрсеткіштерге тоқталды...

Бұдан бөлек Ұлытау ауданының кірістері де артқан. Құрамына 12 ауылдық және 3 кенттік округ пен 29 елді мекен кіретін Ұлытау ауданы жер көлемі бойынша – республикадағы ең үлкен аудан. Аталған ауданда құрылыс – 2 есеге; инвестиция көлемі – 66%-ға, өнеркәсіп – 13,1%-ға артқан...

Ауданда 2025–2030 жылдар аралығында жалпы құны 50 млрд теңге болатын, 56 жұмыс орнын құру көзделуде. Әкім баяндамасынан кейін жиын әрі қарай сұрақ-жауап форматында өрбіді. Ұлытаулықтарды толғандырған сауалдардың дені коммуналдық салада болды. Сонымен қатар, тарихи өлке болғандықтан – тарихи оқиғаларға байланысты сауалдар да болды...

Жиыннан кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала 10 ға жуық азамат жазылған.

Сапар аясында аймақ басшысы бірқатар маңызды нысандарды аралады. Солардың бірі ауданда алғаш салынып жатқан жабық бассейн жобасы. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталған. Аймақ нысанды жаңа оқу жылына дейін толық аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Дастан Рыспеков Әулиетаудың етегінде бой көтерген Рәміздер алаңындағы көктемгі абаттандыру және қоршау жұмыстарын жеделдетуді тапсырып, емханасы бар аурухана құрылысының барысын да назардан тыс қалдырмады. Бұл бағытта қажетті медициналық кадрларды алдын ала жасақтау, көтермеақы мәселесін уақытылы шешу және құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау міндеттелді.

Аймақ басшысы сапар аясында Ұлытау–Арқалық бағытындағы автомобиль жолының құрылысын көріп, асфальт төсеу жұмыстарының қарқынын бағалады. Аталған жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бүгінгі күнге 35 шақырымы пайдалануға берілген. Қалған 89 шақырым бойынша жұмыстар жүргізілуде, осы жылдың қазан айында толықтай аяқталады деп күтілуде.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты