Жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Аймақ басшысы Есет Байкен жұмыс сапарымен Ұлытау ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, бірқатар жобаның жүзеге асу барысын бақылады.

Жұмыс сапары Күмісбұлақ аумағындағы абаттандыру жобасымен танысудан басталды. Жоба аясында бұлақ маңы заманауи талапқа сай көркейтіліп, Көкбөрі кесенесі жаңғыртылмақ. Жалпы аумағы 1,4 гектарды құрайтын нысанда құрылыс жұмыстары тамыз айында қолға алынады.

Одан кейін облыс әкімі емханасы бар аурухана құрылысының барысын тексерді. Өңір басшысы мердігер мекемеге нысанды биыл пайдалануға беріп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған бассейн құрылысын аралап, нысанды жыл соңына дейін толық аяқтап, қауіпсіздік талаптарын алдын ала жан-жақты пысықтауды міндеттеді.

0132 1 ЗВУКТАН: 2022 жылы басталаса ұзаққа созылып кеткен екен. Халық күтіп отыр. Сондықтан мен сіздерге биыл тапсыруды сұраймын. Биыл құрылыстың толық аяқталып, халықтың игілігіне жылдың соңында тапсырайық. Оны жеке бақылауда ұстаймын. Сіз қазір уақытты жоғалтпай, бірден қажетті оборудованиеға заказды беріп, ақшасын төлеп жасаңыздар. Біз өзіміздің міндеттемемізді уақытында орындаймыз. Оған мен сөз берем. Басты міндет-биыл тапсыру.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Рәміздер алаңы мен Сапар орталығының қызметімен танысты. Сондай-ақ Тасбұлақта ауданның ақсақалдарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, туризмді өркендету, ауыл инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. СНХ: Есет БАЙКЕН, Ұлытау облысының әкімі 0172 Әрине, сіз көтеріп отырған мәселелердің барысы өте өзекті деп ойлаймын. Қазіргі кезде туризмге де байланысты, осы жердегі халықтың тұрақтануына да байланысты, халықтың келуіне де байланысты,сервиске де байланысты бірінші кезекте осы ауылдық мекендерде жағдай жасау керек. Мына басталған жобалар аяқталса, жақсы емханамызды биыл бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Спорттық объектілер бар, басқасы бар. Сіздердің тапсырмаларыңызды мен өзіме негізгі бақылауға алам. Өзекті мәселелер газ мәселесі. Мен ойлайм газ мәселесі ол өте маңызды, өте өмірді жеңілдететін мәселе ғой. Сондықтан мына өңірде газдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.Ұлытаудың да газдандыруын жеделдететін боламыз.

Жұмыс сапары барысында көтерілген барлық мәселе облыс әкімінің бақылауына алынып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты