Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Бүгін Ұлытау облыстық мәслихатының 32 ші сессиясы өтті. Онда күн тәртібіне 7 мәселе шығарылды.

Сессия жұмысына Ұлытау облысы әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов, қала және аудан әкімдері, депутаттар, басқарма мен кәсіпорын басшылары қатысты. Жиынды облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді. Алдымен күн тәртібі бекітіліп, есеп комиссиясының құрамы сайланды. Одан кейін дене шынықтыру және спорт саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, балалар алаңдары, бассейн, хоккей алаңы секілді спорттық инфрақұрылым нысандарын салу жобалары қаралды. Сонымен қатар Жәйрем кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы мәселесі ерекше назарға алынды.

Қазіргі таңда өңірде 81 723 адам спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл облыс халқының 37 пайызын құрайды. Алдағы жоспарға сәйкес, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделген. Бүгінде облыста 183 спорт нысаны жұмыс істейді, олардың 20-ға жуығы өткен жылы пайдалануға берілген.

«5909 ПЕРЕВОД: Жәйремдегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша біз барлық қажетті құжаттарға қол қойып, бір ай бұрын жібердік. Ары қарай мердігер ұйымдарды таңдау процедурасы өздерінің тәртібімен жүргізіледі. Қазір біз олармен тығыз жұмыс жасап, жақын арада бұл мәселені шешуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жоспарланған өзге құрылыс нысандары қайта қаралады. Бірінші кезекте басымдық Жезқазғандағы мұз сарайы мен жүзу бассейні, Сәтбаевтағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының аяқталуы және Жәйремдегі «Қазақстан халқына» бағдарламасы аясындағы нысан. Қалған нысандар қажет болған жағдайда қаралады»

— Алмаз Ыдырысов, Ұлытау облысы әкімінің м.а

Сондай-ақ сессия барысында өңірдің экономикалық дамуы, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері де қаралды. Көтерілген барлық мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты