Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Бүгін Ұлытау облыстық мәслихатының VІІІ шақырылымдағы отыз алтыншы кезектен тыс сессиясы өтті...

Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысты. Сессияда алдымен күн тәртібі бекітіліп, есеп комиссиясының құрамы сайланды. Бұдан кейін депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою, Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының ережесін бекіту, жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және Діндерді зерттеу орталығы қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақысын белгілеу мәселелерін қарады. Сондай-ақ депутаттық сауалдардың орындалу барысына да ерекше назар аударылды.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген жеті мәселенің барлығы депутаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты