Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXІ ші сессиясы өтті. Онда күн тәртібіне: 2026-2028 жылдарға арналған өңір бюджетінің өзгерістері мен аймақтың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары сынды бірқатар мәселелер шығарылды...

Сессия отырысында алдымен әдеттегідей күн тәртібі бекітіліп, сессияның есеп комиссиясының құрамы сайланды. Ал, 2026-2028 жылдарға арналған өңір бюджетінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде облыстық экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимов кеңінен баяндады. Бюджеттің негізгі салмағы: Әлеуметтік және жол инфрақұрылымы саласында.

Сессия барысында – «Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы» мен «Ұлытау облысы әкімдігінің жанынандағы ведомствоаралық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссиясының» құрамына өзгерістер енгізілді. Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Дастан Рыспеков өңір дамуы бағытындағы жұмыстарда халық қалаулыларының ұсынысы әрдәйім назарда екендігін жеткізді.

Сессияда көтерілген сұрақтар мен оны оңтайлы шешу жолдары облыс әкімдінің бақылауында болмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты